02 наурыз 2022 15:43

Екібастұздағы маугли балалардың ата-анасына айыппұл салынды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram/poiskoviki_pavlodara_vita Фото:instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодар облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Екібастұздағы төрт баланың ата-анасын балаларына дұрыс қарамағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға 30 мың теңгеден аса айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Екібастұздағы төрт баланың ата-анасын балаларына дұрыс қарамағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға 30 мың теңгеден аса айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, кәмелетке толмағандардың анасы теріс мінез-құлық көрсетіп, немқұрайдылық танытқан. Ол балаларына қамқорлық жасамаған, балалар қалыпты өмір сүруі үшін ештеңе істемеген. Балалардың әкесі ресми түрде тек үлкенінің құжатында жазылған. Ер адам ұлын тәрбиелеп отырған жоқ, өз міндеттерін атқармайды. Сондай-ақ, 7 жастағы бала Екібастұз мектептерінің ешқайсысында есепте тұрған жоқ.

Балалардың ата-анасы кінәсін толық мойындап, өкініп, түзелуге уәде берген.

"ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігінің санкциясы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жазаны көздейді. Сот ата-анасына айыппұл салды. Олардың материалдық жағдайы мен алимент төлейтінін ескеріп, айыппұл 30 пайызға дейін қысқартылды", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Сонымен қатар, сот ювеналды полиция тобының инспекторы әкімшілік хаттама жасау кезінде жіберген заңбұзушылықтар үшін аймақтық Полиция департаментінің басшылығына жеке қаулы шығарды. Айта кетейік, сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия анасын ата-ана құқығынан айырмау туралы шешім шығарды. Әйел балаларымен бірге ауруханада жатыр, онда балалар кешенді тексерістен өтеді. Дәрігерлердің айтуынша, балаларға анасы күтім жасап жатыр.

"Балалар сөйлей бастады, сұрақтарға жауап береді, ойнайды. Ана мен бала ғылыми орталығының мамандары телемедицина сеансын өткізді. Қазір қосымша рентгенология және зертхана тексерісі жүргізіліп жатыр, қан үлгілері генетикалық талдауға жіберілді. Генетикалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін түпкілікті диагноз қоя аламыз", - деп түсіндірді аймақтың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Екібастұздағы жалдамалы пәтерден 3, 4, 5 және 7 жастағы төрт бала табылғаны хабарланған болатын. Балалар ата-аналарымен бірге антисанитария жағдайында өмір сүріп келген. Үйдегі үлкен бала жеті жаста, қалғандары бес, төрт және үште. Балалар жүре алмайды, адамдардан қорқады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети