17 қараша 2023 15:38

Экс-полицейлер қыз зорлады деген күдікке ілінді: ПД пікірі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қонаевта бұрынғы екі полицей кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінді. Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қонаевта бұрынғы екі полицей кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінді. Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Немолчи" қоры жазды.

"Аноним дереккөз мәліметінше, Қонаевта қызметтегі екі полицей қызмет бабын пайдаланып, 14 жастағы мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алған (видеоны қызметкерлердің өздері таратып жүр). Олардың бірі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, екіншісі ғимарат күзеті бойынша полиция қызметкері екені белгілі. Қазір екеуі де қамауға алынып, өткен күн бойынша жұмыстан босатылған", - делінген қор ақпаратында.

Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыс жасады деген күдіктілер қамауға алынған.

Ведомствоның баспасөз қызметі айыпталушылардың шынымен де полиция қызметкері болғанын растады.

"Биыл 7 қарашада полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны бұрын белгісіз болған екі адамның кәмелетке толмаған қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызбен жүгінді. Сол күні ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жеке басын анықтап, 2000 және 2001 жылы туған күдіктілерді ұстады. Тергеу нәтижелері бойынша олар қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Жақын арада соталды тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық істің материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданатыны айтылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети