06 қараша 2023 12:16

"Ирина Қайратовна" мобилографының қазасы: ресми себебі расталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Астананың Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері "Ирина Кайратовна" тобының концерті кезінде мерт болған 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері "Ирина Кайратовна" тобының концерті кезінде мерт болған 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебі анықталған.

"Өлімнің алдын-ала себебі "жедел геморрагиялық панкреонекроз" токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен расталды", - дейді басқарма өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.

Еске салайық, "Ирина Кайратовна" тобының мобилографы 14 қазан күні Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болды. Жас жігіт топ сахнаға шықпас бұрын көрермендердің көңілін көтеріп тұрған диджейді видеоға түсіріп жатқанда есінен танып құлап қалған.

Сахнадағы жігітке адамдар жүгіріп келіп, оны сыртқа шығара бастаған. Шамамен 30 минуттан кейін топ мүшелері сахнаға шығып, мобилографтың қайтыс болғанын хабарлады. Концерт тоқтатылды.

Желіде "Ирина Кайратовнаның" концертінде қайтыс болған мобилографтың соңғы видеосы тарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети