07 маусым 2019 | 10:19

Жаңаөзенде 11 жастағы баланы көлік қағып кетті

© tumba.kz

4 маусымда Жаңаөзен қаласында велосипед теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті. Бала санавиация арқылы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Тумба"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

4 маусымда Жаңаөзен қаласында велосипед теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті. Бала санавиация арқылы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Тумба"

Бала басынан ауыр соққы алып бас сүйек миы зақымдалған, жақ сүйегі сынған және денесінің барлық бөлігі дерлік сырылып, жараланған. 

Реклама
Реклама

Анасының айтуынша, бала велосипед теуіп жүрген баласын көлік қағып кеткен. Ол оқиға орнынан Жаңаөзеннің орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда бала травматология бөлімінде жатыр, дәрігерлерлердің айтуынша жағдайы тұрақты.

Осындай жағдай 5 маусымда да тіркелді. 17:35-те Мұнайлы ауданы Атамекен ауылынан шұғыл түрде Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне 2011 жылғы бала жеткізілді. Баланың жағдайы тым ауыр болған, диагнозы: бас сүйегінің көптеген бөлігі сынған, бас сүйек миы қатты зақымдалған, 1 және 2 деңгейлі равматикалық шок алған. 

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері баланың жағдайын тұрақтандыруға барын салып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта ол нейрохирургия бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында жатыр. 

"Мұндай оқиғалар өз балаларыңызға аса сақ болу керектігін меңзейді. Жазғы демалыстар басталды, балалар жиі қараусыз қалады. Олармен жол қозғалысы ережесін сақтау туралы, жолдарда және жалпы көшеде, тіпті үйде тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде қарапайым сақтық туралы айту керек, - дейді ведомство өкілі Азамат Сәрсенбаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная