12 мамыр 2019 11:29

Жаңаөзенде жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында Hyundai және BMW маркалы көліктердің бетпе-бет соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалған. Оқиға 11 мамырда 12:40-та болған. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада"

Видеода Hyundai автокөлігінің жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, BMW автомобилімен бетпе-бет соқтығысқаны түсірілген. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушілері зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілген. 

Осы дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабына сәйкес хаттама толтырылған. Нақты шешім шығарылуы үшін іс материалдары сотқа жіберіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети