26 наурыз 2019 16:15

Жаркент маңындағы апаттан үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото:kievpravda.com Иллюстрациялық фото:kievpravda.com

Жаркент қаласының маңындағы тасжолда жол апаты болып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жаркент қаласының маңындағы тасжолда жол апаты болып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

25 наурызға қараған түні Алматы - "Қорғас" автожолының 313-шақырымында Audi 100 мен Toyota Camry көліктері соқтығысқан. 

"Оқиға орнында Toyota жүргізушісі қаза болды. Екі жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Сонымен қатар, Жаркент ауруханасына тағы үш адам жеткізілді", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, апаттан соң сараптама жасалған, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети