02 қараша 2016 17:09

Журналистер Алматыда оқыс оқиғаның куәгері болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz журналистері Алматыда әлімжеттілік көрсету және бөтеннің көлігін айдап әкету оқиғасының куәгері болды.


Tengrinews.kz журналистері Алматыда әлімжеттілік көрсету және бөтеннің көлігін айдап әкету оқиғасының куәгері болды.

Бұл оқиға 26 қазанда шамамен сағат 15.00-де көліктерге арналған мамандандырылған Қызмет көрсету орталығының маңында болған. Екі ер адам жол бойында бір-бірінің соңынан жүгіріп келе жатқан. Ал журналистер олардан тоқтауларын сұраған сәтте, ер адамдар назар аудармай жүгіріп кете берген. Содан жолдың ортасында бірінші болып жүгіріп келе жатқан ер адам өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерінен көмек сұраған. Осылайша ол Toyota Camry көлігін тоқтатып, көлікке мініп, кетіп қалған. Ал сонда қалып қалған екінші ер адамға Mitsubishi Montero жүргізушісі келіп, олар Toyota Camry жүргізушісінің соңынан қуа жөнелген.

Tengrinews.kz журналистері осы оқиғаның әрі қарай қалай жалғасатынын бақылауды шешті. Содан Момышұлы көшесінде Mitsubishi Montero көлігі Toyota Camry жүргізушісінің алдына шығып, жүруіне бөгет жасайды. Сөйтіп Mitsubishi Montero жүргізушісі көліктің ішіндегі жолаушыны, яғни бірінші ер адамды күштеп алып шығып, бірнеше рет соққыға жыққан. Оқиға орнына келіп жеткен журналистер мұнда не болып жатқанын түсінуге тырысады. Алайда сол сәтте Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалады.

Содан кейінірек жол бойында қашып бара жатқан ер адам өзінің бірнеше адамнан үлкен сомадағы ақшаны қарызға алғанын айтып берді. Ол қарызының жартысынан құтылыпты, бірақ екінші жартысын Mitsubishi Montero көлігін сатып, құтылмақшы болған екен.

Кейінірек Mitsubishi Montero көлігінің соның досы Серік Нұртаевқа тиесілі екені анықталды. Ер адам досынан көлікті жөндеуін сұрап, сосын оны сенімхат арқылы сатуын сұрағанын айтты. "Бұл жерде зардап шегуші мен. Себебі, олар менің көлігімді алып кетті. (...) Ол онда көлікті тіркеу үшін алып кеткен болатын, бірақ соңында мынандай жағдай болып отыр. (...) Енді қазір мен көлігімді қайтара алмай отырмын. Көлікті алуға тыйым салынды. Барлық құжаттар көліктегі қорапшада, кілті те жоқ. Негізі база бойынша, бұл көлік менікі. Полицейлер оны тексерді. (...) Бұл жерде басты мәселе - олардың менің көлігімді айдап әкетуі", - деді Серік Нұртаев.

Осыған байланысты Нұртаев Әуезов аудандық ІІБ-не өтініш қалдырды. Қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл деректі растады: "Нұртаев С.А. Әуезов аудандық ішкі істер басқармасына 27 қазанда хабарласты. Бұл дерек бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Істің мазмұны бойынша: көлікті сенімхатпен айдап әкеткен арыз берушінің танысы қарызын өтеу үшін көлікті үшінші тұлғаға берген. Осыған байланысты қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі тараптан да жауап алынып жатыр".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети