04 қыркүйек 2014 11:19

Калачиде тағы бірнеше адам ұйқышылдық ауруына шалдықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Ақмола облысының Калачи елді мекенінде "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" белгілері тағы үш адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысының Калачи елді мекенінде "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" белгілері тағы үш адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

64 жастағы әйел мен 12 және 17 жастағы екі жасөспірім өткен сәрсенбі күні Есіл аудандық ауруханасына жатқызылған. 2 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елді мекенде ұйқышылдық аталып кеткен кеселмен барлығы 15 адам ауруханаға түскен. Жалпы бұл беймәлім аурумен ауырғандардың саны 60-тан асып отыр.

Калачиде тұрғындарынан ұйқышылдық, ұмытшақтық және галлюцинация белгілері өткен жылдың наурыз айынан бері анықтала бастады. Олардың бәріне "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" деген диагноз қойылды. Денсаулық сақтау министрлігінің түрлі комиссияларының, Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты, Қарағанды еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу орталығы ғалымдарының және басқа да мамандардың көп зерттеу жүргізгеніне қарамастан, ауылдағы беймәлім аурудың себептері әлі анықталған жоқ.

Мамандар инфекциялық және бактериялық факторларды жоққа шығарды, олардың айтуынша, елді мекендегі радиациялық фон қалыпты мөлшерде, өңірде тұз бен ауыр металдардың шамадан ауытқуы байқалған жоқ.

Осы жылдың мамыр айында Денсаулық сақтау министрлігі ұйқышылдық ауруының бір себебі Калачидегі көпқабатты үй жертөлелерінің шамадан тыс булануы мен тазартылмауы болуы мүмкін деп хабарлаған еді. 680 тұрғыны бар Калачи елді мекені Красногор ауылдық округіне қарайды, ол бұрынғы қала типіндегі елді мекен - Красногорскіден 600 метр қашықтықта. Бұл қалашықта кезінде 6,5 мың адам тұрды, олардың басым көпшілігі - шахтерлер. Елді мекен КСРО-ның руда өнеркәсібі басқармасына қарады, 60-90 жылдары ауыл маңынан уран өндірілді. Уран өндірісі 1991-1992 жылдары тоқтап, шахталар жабылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети