12 маусым 2023 17:30

Қарағандыда арыстанның күшігін сатпақ болған: күдіктілер арасында зообақ қызметкерлері бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Қарағандыдағы хайуанаттар бағының қызметкерлері арыстанның күшігін сатпақ болды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыдағы хайуанаттар бағының қызметкерлері арыстанның күшігін сатпақ болды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен демалыс күндері құқық қорғау органдары екі арыстанның күшігін сату әрекетін тоқтатты. Жыртқыштардың Қарағанды хайуанаттар бағында дүниеге келгені мәлім болды. Жануарларды ол жерден нақты кім алып шыққаны және заңсыз мәмілеге кімнің қатысы бар екені айтылмады.

Қарағандының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде жануарларды сатқан күдіктілердің қатарында хайуанаттар бағының қызметкерлері бар екені хабарланды.

"Бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер қатарында хайуанаттар бағының қызметкерлері де бар. Құқық қорғау органдары жағдайды реттейді деп ойлаймын. Біздің құзырымыз тек жануарлардың санын тексеру. Қазір осымен айналысып жатырмыз. Бұл арыстанның күшіктері шынымен де, Қарағанды хайуанаттар бағында дүниеге келді. Оларға бір жарым ай болған. Төртеу туылды. Хайуанаттар бағының директоры арыстанның күшігі туралы хабарлады. Біз оларды тек төртінші айда ғана тіркеуге қоямыз. Жануарлар кейде әлсіз туылып, күш жинай алмайды. Қазіргі жағдайда арыстан күшіктерінің екеуі орташа, екеуі әлсіз туған. Қазір сатылмақ болған жануарлар хайуанаттар бағына қайтарылды. Арыстан оларды қарсы алды", - дейді бөлім басшысы Баян Нұртаева.

Ведомствоның мәліметінше, хайуанаттар бағының барлық қызметкері куәлік береді. Оның ішінде директор да бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети