1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қарағандыда теміржол вокзалында жиналған бір топ адамның видеосы тарады

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағандыдағы теміржол вокзалында бір топ адамның жиналғаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл видеоның кеше, 20 мамырда кешкі уақытта түсірілгені белгілі болды. Видеодан әскерден келген сарбаздарды күтіп алып жатқан адамдарды көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от БЛОГ Дениса Денски (@denski_blog)

Алайда Желі қолданушылары видеодағы адамдардың әрекетіне наразылық білдіріп жатыр. 

Қарағанды облысы Көліктік бақылау инспекциясының өкілдері әзірге ресми түрде пойыздардың жүрмейтінін айтып өтті. Олардың айтуынша, жедел қызметтегі сарбаздар арнайы құраммен жеткізілді.

Бірақ теміржол вокзалының әкімшілімен байланысу мүмкін болмады.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоны зерттеп, оқиғаның мән-жайын анықтауға уәде берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!