11 қараша 2016 17:22

Қарағандыда төтенше жағдайдан ауруханаға түскен төртінші шахтер көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауруханаға түскен бес адамның біреуі ота жасалғаннан кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ер адам басынан жарақат алған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ауруханаға түскен бес адамның біреуі ота жасалғаннан кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ер адам басынан жарақат алған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"1966 жылғы ер адам ауруханаға жатқызылған болатын. Ол емханаға аса ауыр жағдайда түскен, ол басынан жарақат алған. Оған ота жасалды. Өкінішке қарай, оның жарақаты тым ауыр болды. Оны өлімне арашалап қалу мүмкін болмады", - дейді басқарманың баспасөз қызметінің басшысы Айжан Иса. 

Сонымен қатар, тағы бір адамның жансақтау бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылғаны белгілі. Оның және тағы үш емделушінің жағдайы бір қалыпты тұрақты. 

Қарағандыда Саран шахтасында үш адам қаза тауып, бес адам зардап шекті. Алдын ала мәліметтер бойынша, шахтада адамдарды тасуға арналған аспалы жолдың үзіліп кетуіне байланысты болуы мүмкін.

"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға б.гін сағат 14.25-те болған. Соның салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам ауыр жарақат алған, тағы үш адам орта деңгейдегі жарақаттар алған. Біздің адамдар хабарламаны ала сала сол жаққа қарай аттанды. 14.45-те. Екі жедел әрекет ету бөлімі мен екі жансақтау-есеңгіреуге қарсы топтар барған. Қазіргі уақытта эвакуциялау шаралры жүргізіліп жатыр", - деді Әскери апатты-құтқару қызметінің "Көмір"  қарағандылық филиалының басшысы Берік Тәтіпанов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети