19 желтоқсан 2019 11:40

Қостанай облысында жол апатынан полицей қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мқрағатынан Тengrinews.kz мқрағатынан

Қостанай облысында жол апатынан полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қостанай облысында жол апатынан полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 18 желтоқсанда Қостанай - Әулиекөл - Сұрған автожолының 84-шақырымында болған. Жүк көлігімен Audi автомобилі соқтығысқан, зардап шеккендер бар. 

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген, олар Әулиекөл аудандық полиция бөлімінде істейтін 32 жастағы қызметкер қайтыс болғанын анықтаған. Ол көліктің жолаушысы болған. Тексеру барысында ауа райының қолайсыздығына байланысты шетелдік автокөліктің жүргізушісі басқаруды игере алмаған. Осының салдарынан көлік жолдың қарсы бетіне шығып кеткен", - делінген полиция хабарламасында. 

Сондай - ақ, тергеуші қызметтік міндеттерін атқару барысында Қостанай қаласына қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындау үшін бара жатқан. Сондай-ақ, сараптама қорытындысына сәйкес, 29 жастағы Audi жүргізушісі зардап шекті. Ол ауыр халде жатыр. 57 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. 

"Қазіргі уақытта Қостанай облыстық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ЖКО дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Бір апта ішінде осы тасжолда екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 адам қаза тапты, бес адам зардап шекті", - делінген полиция хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети