07 қараша 2020 13:53

Қостанай облысында тергеуші қыз жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© autozam.ru © autozam.ru

Қостанай облысының аудандық полиция бөлімінің тергеушісі жол апатынан көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысының аудандық полиция бөлімінің тергеушісі жол апатынан көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының Қарасу ауылында аудандық полиция бөлімінің 33 жастағы тергеушісін көлік қағып кетті. Ол 6 қарашада кешке жұмыстан қайтып бара жатқан. Ол жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда Lada Granta автокөлігі қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан полиция капитаны ауруханада қайтыс болды.

"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызметтік тергеу де басталды. Басшылық пен жеке құрам марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады. Тергеуші полицияда алты жыл қызмет етті", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети