Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте қайтыс болды

23 Мамыр 2018, 12:33
0
Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте қайтыс болды - © alau.kz
© alau.kz

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте қайтыс болды, - деп хабарлайды "Алау". Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкийдің айтуынша, сәби бүгін жансақтау бөлімінде қайтыс болған. 

Оқиға 22 мамырда күндізгі уақытта болған. Оның айтуынша бала ауруханаға түскен кезде қатты суықтап қалған.

"Бізге түскенде оның жүрегі тоқтап қалған болатын. Түнімен біздің дәрігерлер оның өмірі үшін арпалысты, алайда бүгін таңертең ол қайтыс болды. Баланың салмағы жақсы болып туған - үш жарым келі. Біз мұндай жағдайға есеңгіреп қалдық", - деді бас дәрігер. 

Сондай-ақ, Қостанай полицейлері жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр.

22 мамырда 19:28-де Қостанай қалалық ІІБ Оңтүстік полиция бөлімшесіне қоқыс жәшігінде нәрестенің табылғаны туралы хабар түскен. 

"Оқиға орнын қарап шығу кезінде бала тыныс алып жатқан және жедел жәрдем бригадасы нәрестені облыстық балалар ауруханаға жеткізді. Қазіргі уақытта полицейлер баланың анасын іздестіріп жатыр. Облыстық жедел әрекет ету құрамның барлығы жұмылдырылған. Қандай да бір мәлімет болса "102" нөміріне хабарласуды сұраймыз", - деді полицейлер. 

ҚР Ұылмыстық кодексінің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") іс қозғалған. 

Нәресте Қостанайдың туберкулез диспансері маңындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен табылған. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметі барған. Нәрестені жәшіктен полицейлердің бірі алып шыққан.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай