11 сәуір 2023 13:32

Қызылорда облысында жасөспірім аяусыз соққыға жығылғаннан кейін кімдер жазаланды?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қызылорда облысында аяусыз соққыға жығылған жасөспірімнің оқиғасынан кейін кім және қалай жазаланғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысында аяусыз соққыға жығылған жасөспірімнің оқиғасынан кейін кім және қалай жазаланғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 сәуірде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданында жасөспірімдер арасындағы төбелес салдарынан 15 жастағы жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылуына байланысты шұғыл жиын өткізді.

Облыс әкімі Қызылорда, Қазалы және Жалағаш аудандық полиция басқармаларының жауапкершілігін қарастыруды тапсырды. Ал мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына қатысты тиісті шаралар қабылданған.

"Қазалы аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары және аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы аудандағы криминоген жағдайды тұрақтандыра алмағаны, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны, қоғам тарапынан сынға ұшыраған резонанс бұзақылық жағадайына жол бергені үшін, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту алды.

ІІМ-ге Қазалы аудандық полиция бөлімінің бастығын өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны, ведомстволық бақылауды, бөлімнің жұмысын ұйымдастырудағы қарамағындағыларға сұраныс пен талаптарды әлсіреткені, кәмелетке толмағандар арасында жасалған резонанс бұзақылық қылмысқа жол бергені, қылмыстар туралы хабарламаларды тиісінше қадағаламағаны үшін атқаратын қызметінен босату туралы ұсыныс жолданды", - деді облыстық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Шәмшидин Амитов брифингте.

Жалағаш аудандық полиция бөлімінің бастығына қатаң сөгіс жарияланды. Дәл осындай тәртіптік жазаны аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, ал Жалағаш ауданының ювенал, патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторларының, Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдерінің тобы - сөгіс пен қатаң сөгіс алды.

Қазалы ауданының әкіміне қатаң ескерту, аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды.

Жалағаш ауданының екі мектебінің оқушылары арасындағы жанжалға жол бергені үшін осы ауданның білім бөлімінің басшысы, сондай-ақ қалалық білім бөлімінің меңгерушісі - Қызылордадағы №217 мектептің оқушылары арасында оқиғаға жол бергені үшін қатаң сөгіс алды.

"№70 мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды, ал Қазалы ауданы №266 мектебінің меңгерушісі денсаулық жағдайы бойынша демалыстан шыққаннан кейін жұмыстан шеттетіледі", - деді облыстық Білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети