10 қаңтар 2019 10:22

Қызылордада өрт салдарынан үш бала қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қызылордада жеке үйде шыққан өрттен газ иісіне уланған үш бала ауруханада ес жимастан қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордада "Наурыз" саяжай учаскесіндегі жеке үйде өрт шыққаны туралы хабар 9 қаңтарда 19:23-те жеткен. 

Үйде жиһаздар өртеніп, жоғары қарай тараған. Өрт аумағы - 15 шаршы метр. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер 50 литрлік газ балонын алып шығып, жарылыстың алдын алды. 

"Өртсөндірушілер келгенге дейін үйден 2011, 2012 және 2014 жылғы үш бала құтқарылған. Олар газ иісіне уланып, ауруханаға жеткізілді, алайда ес жимастан қайтыс болды", - деді Нұрахметов. 

Өрт 19:55-те сөндірілді. Балаларды құтқарған туыстары медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға жатқызылды. 

Өрт сөндіру жұмыстарына Қызылорда ТЖД-ның арнайы 7 техникасы мен жеке құрамның 19 адамы жұмылдырылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети