12 тамыз 2022 15:21

Қызылордада полицейлердің көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жүргізуші полицейлерден қашпақ болған. Оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қызылордада жүргізуші полицейлерден қашпақ болған. Оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

11 тамызда түн ортасы кезінде патрульдік полиция экипажы Қызылорданың орталық көшелерінің бірінде жол ережесін бұзған УАЗ көлігін байқаған.

"Полицейлер тоқтатуды талап етті. Алайда жүргізуші бұған мән бермей, қозғалысты жалғастырып, жол жиегіне шығып кеткен", - деді полицейлер.

Тексеру барысында рөлде көлік құралын басқару құқығынан айырылған 46 жастағы қызылордалық болғаны белгілі болды.

"Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 3-1-бөлігі және 612-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети