26 шілде 2021 09:15

Маңғыстауда жол ережесін өрескел бұзған 15 көліктен тұратын кортеж видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы Басқұдық ауылында қауіпті кортеж ұйымдастырған 15-ке жуық көлік видеоға түсірілді. Қазіргі уақытта олардың сегізі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысы Басқұдық ауылында қауіпті кортеж ұйымдастырған 15-ке жуық көлік видеоға түсірілді. Қазіргі уақытта олардың сегізі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 25 шілдеде сағат 06.30-да Басқұдық ауылындағы орталық жолда болған.

Кортеждің сегіз қатысушысы Мұнайлы аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оларға әкімшілік хаттама жасалып, көлік айып тұрағына алынды. Полиция қауіпті кортежге басқа қатысушылардың жеке басын анықтап жатыр.

Полиция департаменті жол ережесін өрескел бұзған көліктер туралы мәліметті ұсынды.

Mercedes-Benz E320 - маневр жасау ережелерін бұзу (ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі) және жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту (ӘҚБтК-нің 594-бабы 1-бөлігі).

Chevrolet Tracker - жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзуы (ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі), қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын сақтамау (ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі) және жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүру (ӘҚБтК-нің 596-бабы 1-бөлігі).

Lada 21723 - қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамау (ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі) және міндетті сақтандыру шартын жасамау (ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі).

Toyota Camry - жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамау (ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі), бағдаршамның тыйым салатын бағдарына (ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі) өту және міндетті сақтандыру шартын жасамау (ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі).

Toyota Land Cruiser Prado, Nissan Primera және Toyota Camry - қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамау (ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі).

Toyota Camry - жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау (ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі), мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінсіз көлік құралын басқару (ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі) және жарық құрылғысын заңсыз орнату және пайдалану (ӘҚБтК-нің 603-бабы 1-бөлігі).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети