25 қараша 2021 12:22

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 142 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Нұр-Сұлтан полицейлері қала тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан полицейлері қала тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары мәліметінше, елордада кейінгі тәулікте 142 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бес адам зардап шеккен.

25 қарашада таңертеңнен бері қалада 45 жол-көлік оқиғасы болған.

"Қалың қар жаууына байланысты елорда көшелерін арнайы техника тазартып жатыр. Тазалық жұмыстары тәулік бойы ұйымдастырылды. Жүргізушілерді абай болуға және жол бойына көліктерді қоймауға, қоғамдық көліктер қозғалысына және қар тазалау техникасы жұмысына кедергі жасамауға шақырамыз.

Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдықты шектеуді және қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтаңыз. Қарлы боран мен көктайғақ барлық жол қозғалысына үлкен қауіп төндіреді. Жүргізушілерге өз бағытын алдын ала жоспарлауды, маневр және тосыннан тежеуішті басу жағдайларын болдырмауды және қала сыртына шығудан бас тартуды ұсынамыз", - делінген хабарламада.

Жаяу жүргіншілерге де өте сақ болу ұсынылады. Сондай-ақ, полицейлер тұрғын үйлерге қызмет көрсететін компания өкілдерін аулаларды тазалау жұмыстарын уақытылы ұйымдастыруға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети