05 қаңтар 2021 13:41

Нұр-Сұлтанда көлікті айдап әкеткен қыз жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото:elements.envato.com фото:elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда көлікті айдап әкеткен қыз жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда көлікті айдап әкеткен қыз жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

3 қаңтарда елорда тұрғыны полицияға көлігінің айдап әкетілгені туралы хабарлаған. Сағат 02.40-та ер адам көліктен шыққан бетте қыз Toyota Camry 50 маркалы көлігін айдап әкеткен.

"Керей Жәнібек хандар мен Ақмешіт көшелерінің қиылысынан кейін 20 жастағы қыз жол апатына ұшыраған. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы ("Көлік құралын заңсыз иелену") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полициядағылар.

Қыз жол апатынан зардап шекпеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети