12 қараша 2019 14:08

Нұр-Сұлтанда трактор мен автобус соқтығысты: қанша адам зардап шекті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер қар тазалаушы трактор мен жолаушылар автобусының соқтығысу салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Дәрігерлер қар тазалаушы трактор мен жолаушылар автобусының соқтығысу салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№ 1 қалалық ауруханасына зардап шеккен жеті адам жеткізілген. 

"Медициналық тексеруден соң алтауы үйіне қайтарылды, олар амбулаториялық ем қабылдайтын болады, бір науқас политравма бөлімшесіне жатқызылды. Оның жағдайы орта деңгейлі ауырлық", - деді Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

 Зардап шеккендердің арасында балалар жоқ. 

Осыған дейін, Нұр-Сұлтанда қар тазалаушы трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысқаны туралы хабарланды. 

"Болжаммен, трактор жолаушылар автобусына жол бермеген. Шамамен 9:10-да Пушкин көшесімен Абылайхан даңғылының бойында автобус басты жолмен кетіп бара жатқан. Қар тазалаушы трактор № 40 автобусқа жол бермеген", - делінген полициыя хабарламасында. 

Трактор жүргізушісі соқтығысуға себепкер болған. 

"Қазір тексеру жүріп жатыр, полицейлер оқиға орнында. Трактор Пушкин көшесіне солға бұрылып жатқан, ал автобус тіке кетіп бара жатқан. Автобуста, болжаммен, жолаушылар болған", - деді полицейлер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети