12 желтоқсан 2016 09:32

ОҚО-да жүргізуші полицейлердің былығын видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасжолда жол полицейлерімен дауласқандар жайлы оқиға 11 желтоқсанда күндізгі уақытта болған. Видеоны қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов YouTube хостингіндегі арнасына жүктеген.


Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасжолда жол полицейлерімен дауласқандар жайлы оқиға 11 желтоқсанда күндізгі уақытта болған. Видеоны қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов YouTube хостингіндегі арнасына жүктеген.

"7-ші взводтың полицейлері Алматы - Самара тасжолында 90-жылдардағы нағыз тәртіпсіздікті жасады! Мұндай дөкейлерді бұрындары көрмеппін... Нұрбол (жетон нөмірі - 0148) - видеодағы басты кейіпкер. Ол менімен телефонмен сөйлескен кезде осы оқиғаның болғанын және онда жүргізушінің еш кінәсі жоқтығын айтты! Сондай-ақ, аға полицейді де жауапкершілікке тарту керек. Ол көліктегі жолаушыдан оның ұялы телефонын күштеп тартып алды", - делінген видеоның сипаттамасында.

Ескерту! Видеода балағат сөздер айтылады.

Айта кетейік, "Жигули" жүргізушісі Tengrinews.kz тілшісіне осы оқиғаға қатысты өз пікірін айтып берді.

"Мен Түркістаннан Шымкентке қарай бара жаттым. Содан мені жолдан тоқтатып, қасыма инспектор келді. Кім екенін айтып, көлігімде бамперлердің болмауына байланысты тоқтатқанын айтты.  Мен оған бамперді жолда басқа көлікті тартып жатқанда жоғалтып алғанымды айтып, түсіндірдім. Көлігімдегі жолаушы осы әңгіменің барлығын видеоға түсіріп отырды. Мұны байқаған екінші инспектор бірден ашуланып, көліктің оң жағынан баса-көктеп кіріп, жолаушының телефонын тартып алып, ондағы жазбаны өшіріп тастады. Содан мен телефонды олардан қайтарып алдым. Кейіннен камераны қостым. Сіздер көрген видеоны түсірген де мен. Кейін олар бізді жіберді. Енді біз инспектор өшірген жазбаны қайта қалпына келтіруге тырысып жатырмыз", - деді ер адам.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметінен осы оқиғаға қатысты түсінік беруін сұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети