Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

ОҚО полицейлері жоғалып кеткен 15 жастағы Аида Әбдусаматованы тапты

12 Қазан 2016, 12:25
0

ОҚО полицейлері жоғалып кеткен 15 жастағы Аида Әбдусаматованы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлер 15 жастағы Аида Әбдусаматованы тапты, ол қазір үйіне оралды, жағдайы мен денсаулығы жақсы. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде", - деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД өкілдері.

Еске салайық, 15 жастағы Аида Абдусаматова 13 қыркүйекте із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейін оған қатысты жаңа деректер пайда болды. Қыздың анасы Бибігүл Сәдуақасованың айтуынша, оның қызы - Қарағанды қаласының тумасы, көп уақыт бойы анасының ата-анасымен бірге Сарыағашта тұрған. Содан қызы тоғызыншы сыныпты аяқтай салып, анасы оны Қарағандыға алып кетуді ұйғарған.

"Аида - өте сабырлы қыз. Қызымда ешқашан телефон да болған емес, ол жаман адамдармен араласпайтын. Ол үлкен кісілердің ортасында өсті. Қызымның үнемі қандай бақылауда болғанын өздеріңіз де түсінетін шығарсыздар. Сол күні Аида үлкен әпкесімен бірге қалада болып, базарға кеткен еді. Киім-кешектерін сатып алып, базардың алдында әпкесінің құрбысының үйінде кездесуге келіскен. Содан әпкесі өз шаруаларымен кетіп қалады. Ал Аидада ол кезде заттары мен 500 теңге бар еді. Сол уақыттан бері оны ешкім көрмеді. Аида жоғалып кетпестен бір күн бұрын біз оны үйге алып кететінімізді айтқан едік. Ол сонда қатты қуанбаған болатын. Мүмкін ол барғысы келмеген болар, осында тұра бергісі келетін шығар. Аида біздің телефон нөмірлерімізді біледі. Қызым, өтінемін, үйге қайт! Барлығы сен айтқандай болады! Біз уайымдап отырмыз", - деген еді сол кезде анасы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай