18 маусым 2021 17:27

Оралда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысып, жүргізушілер мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының полицейлері жол-көлік оқиғасынан екі адам мерт болғанын айтты. Оқиға болған жерде құқық қорғау органдарының мамандары жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО Полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, көлік апаты Оралдың айналма тасжолында 18 маусымда сағат 15.00 шамасында болған. 

"62 жастағы ер адам басқарған Volkswagen Passat автокөлігі мен мотоцикл соқтығысқан. Екі жүргізуші де мерт болды", - деді полицейлер. 

Айта кетейік, 15 маусымда Оралда 15 жастағы мотоциклші жол апатынан қаза тапқан еді. Ол кезде Volkswagen Sharan маркалы автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қозғалып келе жатқан мотоциклшіге жол бермей, соқтығысқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети