Пәтерге кіріп, сұмдықты көрдім - Куәгерлер Жітіқарадағы төтенше жағдай жайлы

17 Қыркүйек 2018, 15:16
0
Пәтерге кіріп, сұмдықты көрдім - Куәгерлер Жітіқарадағы төтенше жағдай жайлы - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қостанай облысы Жітіқара қаласында баласын өлтіріп, артынша өзіне қол салған ер адам жайлы көршілері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жітіқаралықтардың айтуынша, ер адам қаладағы туысының үйіне ауылдан келген. Пәтер иесі балық аулауға кетіп, қонақтарды үй ішінде қалдырып кеткен. Ал оралғанда досы мен оның баласының өліп жатқанын көрген.

"Пәтерге кіріп, сұмдықтың куәсі болдым. Ол өз қолын тілгілеп тастаған, оның алдында баласын өлтірген, бұл шындық. Танысым болып келеді, жылына екі рет көресеміз", - деді қала тұрғыны Сергей. 

Сергейдің көршісі Маша әжей баланың буындырғаннан өлгенін айтады.

"Қан-жоса болды. Баланың әкесі қолын тілгілеп тастаған, ал оның алдында баласын буындырып өлтірген. Бала кереуетте жатты. Жедел жәрдем шақырдық, дәрігерлер келді", - деді Маша әжей.

Көршілерінің айтуынша, ер адам әйелінен өш алғысы келгендіктен баласын өлтірген болуы мүмкін. Ер адам психдиспансерде есепте тұрмаған.

Еске салайық, 44 жастағы ер адам 4 жасар баласын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған. Ер адам Жітіқара қалалық ауруханасына бүгін түнде жеткізіліп, сонда көз жұмған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай