1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Павлодар облысы полициясы "кемпингке шабуыл жасау" туралы видеоға қатысты пікір білдірді 09 желтоқсан 2021, 11:17

Павлодар облысы полициясы Шідерті ауылы маңындағы тасжолда түсірілген "кемпингке шабуыл" туралы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодар облысы полициясы Шідерті ауылы маңындағы тасжолда түсірілген "кемпингке шабуыл" туралы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp-та терезелері сынған көліктердің видеосы таралды. Видео авторы Шідерті ауылы маңындағы тасжолда жүргізушілерге қарулы шабуыл жасалғанын айтқан. Автор жүргізушілерді бұл маңға тоқтамауға шақырады.

Павлодар облысының Полиция департаменті мәліметінше, 2 желтоқсанда сағат 23.00-де Екібастұз қаласының Байет ауылында белгісіз біреулер Toyota Сamry и Lada Granta көліктерінің терезелерін сындырған. Аталған факт бойынша тексеру басталды. Полицейлер көлік терезелерін мас күйде сындырған 38 жастағы ауыл тұрғынын ұстады.

Полиция мәліметінше, 5 желтоқсанда WhatsApp-та оқиғаны басқаша баяндайтын видео тараған. Видео авторымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полицейлер бұл дауыстық хабарламадағы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram