05 желтоқсан 2023 09:55

Павлодар облысында оқушы жүкті болып қалған: мұғалімдер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында 8-сынып оқушысының жүкті болып қалғаны үшін ауыл мектебінің мұғалімдері жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында 8-сынып оқушысының жүкті болып қалғаны үшін ауыл мектебінің мұғалімдері жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмаған баланың жүктілігі үшін мектеп директоры, орынбасары және сынып жетекшісі қатаң сөгіс алды. 8-сынып оқушысының жүкті болғанына 25 апта өткен. Оның жүкті екенін сынып жетекшісі байқаған.

"Қыз мектепке қыркүйекте келді, кейін қазан бойы ауырды. Қарашада сабаққа келгенде сынып жетекшісі өзгерістерді байқай бастады. Бірақ баламен мұндай жағдай болуы мүмкін деп ешкім ойлаған жоқ. Мұғалім мұқият бақылаған, қыздың іші шығып кеткенін көргенде, дереу анасын шақырып, ауруханаға барып, баланың жүкті екенін анықтады", - деп хабарлады Павлодар аудандық білім бөлімі өкілдері.

Оқиға туралы мұғалімдер полиция мен прокуратураға хабарлаған. Білім бөлімі мәліметінше, берекелі отбасы болған, қызды өгей әкесі тәрбиелеген.

"Ауруханада қызды сұрағанда өгей әкесін көрсетті. Сол күні ер адам ұсталды. Қазір мектеп директорына, орынбасарына және сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын нашар жүргізгені үшін қатаң сөгіс жарияланды", - деп хабарлады білім басқармасы өкілдері.

Полиция күдіктінің ұсталғанын растады.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер айтылмайды", - деп түсіндірді облыстық полиция қызметкерлері.

Кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық жасағаны үшін ер адам 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мектеп оқушысы қашықтан оқытуға көшті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети