12 желтоқсан 2022 18:01

Петропавл бір жарым айда үшінші рет сусыз қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: петропавловск.kz Фото: петропавловск.kz

Петропавл су құбырындағы ірі апатқа байланысты бір жарым айда үшінші рет сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.


Петропавл су құбырындағы ірі апатқа байланысты бір жарым айда үшінші рет сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімі Руслан Абаевтың айтуынша, 12 желтоқсанға қараған түні 314-атқыштар дивизиясы көшесінде диаметрі 800 миллиметр суық сумен жабдықтау құбыры жарылған.

"Қазір апат орны табылды. Қазір "Қызылжар су" ЖШС зақымдануды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Мамандандырылған техниканың кедергісіз өтуі үшін Пестрое көлі жағынан қалаға кіру уақытша тоқтатылды", - деді Анбаев әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта қала бойынша сумен жабдықтау қысымы қалпына келтіріліп жатыр. Береке шағынауданы мен Рабочий кентінен басқа.

Сондай-ақ, ол сумен жабдықтау қалпына келтірілгенге дейін тұрғындарға су тасымалдау ұйымдастырылатынын атап өтті. Қала басшысы бұл мәселені жеке бақылауда ұстауға уәде берді.

Бұл кейінгі бір жарым айда Петропавл су құбырларында болған үшінші ірі апат. Біріншісі 6 қарашада Жұмабаев көшесіндегі су құбырында болды, сумен жабдықтау бір тәулікке жуық уақыт болған жоқ, 14 көпқабатты үй сусыз қалды. Сол су құбырындағы екінші апат 1 желтоқсанда болды. Бір тәулікке жуық уақыт 9 көпқабатты үйде және нан комбинатында су болған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.66   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети