14 ақпан 2023 10:40

Петропавлдағы шабуыл: балта ұстаған оқушыны балалар мен мұғалімдер тоқтатқан

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Петропавлдағы мектепте оқушыларға жасалған шабуылдың жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Петропавлдағы мектепте оқушыларға жасалған шабуылдың жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"13 ақпанда Петропавл Полиция басқармасына мектеп оқушыларының дене жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде сөмкеде қолдан жасалған бетперде бар екені анықталды, ол 9-сынып оқушысы болып шықты. Ол дәретханада масканы киіп, одан кейін балтамен дәлізге жүгіріп шығып, осы мектептің оқушысын екі рет ұрып, одан кейін бір қыз бен тағы бір оқушының иығынан ұрған", - деді Қожаев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, шабуыл жасаған адамды жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстаған.

"Қазір екі бала ауруханада жатыр, олардың жағдайы тұрақталды, біреуі тексерістен кейін үйіне жіберілді. Қазір қылмыстық іс қозғалды", - деп қосты министрдің орынбасары.

Қожаевтың айтуынша, №4 орта мектепте екі ауысым бар, барлығы 39 сынып бар, 974 оқушы оқиды, мұғалімдер штаты 70 адам, оның бірі психолог. Бөлмеде және оған жақын аумақта 42 бейнебақылау камерасы, бес дабыл түймесі орнатылған.

Еске салайық, Петропавлда №4 мектепте төтенше жағдай болғаны хабарланған еді. 9-сынып оқушыларының бірі сабақ басталар алдында мектепке балта мен пышақ әкеліп, жоғары сынып оқушыларына шабуыл жасаған.

Прокуратура мәліметінше, алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған адам психиатриялық есепте тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети