10 сәуір 2022 10:54

Ресейден келе жатқан үлкен жүк көлігі Түркістан облысында өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Түркістан облысы ПД Фото: Түркістан облысы ПД

Ресейден Тәжікстанға бет алған үлкен жүк көлігі Түркістан облысында жолда жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ресейден Тәжікстанға бет алған үлкен жүк көлігі Түркістан облысында жолда жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай 9 сәуірде кешкі сағат 21.00-де болғаны хабарланды. Аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Жиенқұм ауылының жанындағы Самара-Шымкент тасжолының 73-шақырымында жүк автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына аудандық бөлімнің жедел-тергеу тобы шықты. Мұқият тексеру кезінде тәртіп сақшылары Ресейден Тәжікстанға бара жатқан Volvo маркалы жүк көлігі тіркемесінің баллоны жанғанын анықтады", - деп хабарлады аймақ полицейлері.

Ақпарат бойынша, өздігінен жанған үлкен жүк тиегіш тұрмыстық техникамен бірге толық өртеніп кеткен. Материалдық залалдан басқа зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші құжаттармен бірге жүк көлігінен шығып үлгерген.

Өрт сөндірілді. Жол тазаланып, қозғалыс ашық.

Аталған дерек Бәйдібек АПБ-да тіркелді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети