01 ақпан 2023 17:38

Рудный полициясының тұрғындарды ұстау барысы жұрттың ашуына тиді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Рудный қаласында куәгер тұрғындарды полицияның ұстау барысын бейнежазбаға түсіріп алды. Бұл Желі қолданушыларының ашуын келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Рудный қаласында куәгер тұрғындарды полицияның ұстау барысын бейнежазбаға түсіріп алды. Бұл Желі қолданушыларының ашуын келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісіндегі myizrudnogo-парақшасында жарияланған видеода полиция қызметкерлерінің ер адамдарды ұрып-соғып, жерге құлатып құрықтамақ болып жатқанын көруге болады. Бұл жұрттың наразылығын тудырды.

"Құқық қорғау органдары тарапынан бұлай жасауға болады ма? Жігіттердің ешқайсы қарсылық көрсетпеді, ашу шақырмады. Керісінше, полиция қызметкерлері өздерін жөнсіз ұстайды! Полицейлер шабуылдап, ұрып, қылқындыру әдісін қолданып, ұстап жатыр. Бұлай бола ма? ШОК! Ол әдейі тепті. Бұлары құзыретін асыра пайдалану. Тәртіп сақшылары тарапынан тәртіпсіздік. Бұл жерде қамауға алу емес, құзыретін асыра пайдалану екені анық. Полицияның ұрып-соғуы. Жазаны тек арақ ішкендер ғана емес, полиция қызметкерлері де көтеруі керек", - деп жазды желі қолданушылары жазбаның астына пікір қалдырып.

Қостанай облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

31 қаңтарда сағат 17.30-да патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері қалалық монша жанында спирттік ішімдік ішкен екі адамға назар аударғанын хабарлады. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісін болдырмау үшін полицейлер заңсыз әрекеттерді тоқтатуды талап етті.

"Қазіргі уақытта Рудный қаласы басқармасы ҚР ҚК-нің 380-бабы "Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Сонымен қатар, тергеу шеңберінде бірден қоғамдық тәртіпті бұзушыларды ұстау кезіндегі полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығына құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети