01 қараша 2023 10:13

Рудныйдағы кәсіпорын аумағында жұмысшы қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Рудныйдағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі аумағында жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.


Рудныйдағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі аумағында жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар мессенджерлерде жұмысшы бұрғымен жұмыс істеп жатқанда электр тоғы соғып қаза болғаны туралы ақпарат таратып жатыр.

Alau.kz

"ССКӨБ" АҚ баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"ССКӨБ" аумағында темірбетон еденді бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер мекеме қызметкері оқыс оқиғаға ұшырады. "ССКӨБ" АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі – Қазақстандағы ең ірі темір рудасын өндіретін және өңдейтін кәсіпорын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети