19 желтоқсан 2014 16:52

Рульде смартфонмен ойнаған автобус жүргізушісіне айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Ақтөбеде автобус жүргізушісі рульде отырып, смартфонындағы ойынды ойнағаны үшін 9260 теңге айыппұл төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, бұл оқиға 11 желтоқсанда белгілі болған еді. "Ақтөбе қаласындағы 11-бағыттың кибер жүргізушісі" деп аталған видеожазбадан жүргізушінің рульді шынтағымен басқарып отырғанын көруге болады. Бұл уақытта ол смартфондағы ойынды ойнап отыр.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, бұл оқиғаның куәгері азаматтық көрсетіп, ұялы телефонымен ойнап отырған жүргізушіні видеоға түсіріп алады да оның үстінен шағым түсіреді. "Төрт күн өткеннен кейін полиция қызметкерлері 25 жастағы жүргізушіні анықтап, оны автокөлік жүргізіп келе жатып ойын ойнағаны үшін 9260 теңге айыппұл төлеуге хаттама толтырды", - деп хабарлады ІІД полицейлері.

Еске сала кетейік, қазан айының соңында Алматыда автобус жүргізушісі тағы бір автобуспен жарысып, егде тартқан жаяу жүргіншіні қағып өлтірген еді. Апат 22 қазанда шамамен сағат 07.00-де болды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Сүйінбай даңғылында "Элеватор" аялдамасынан алыс емес жерде екі жолаушылар автобусы өзара жарысқан. Екеуі де солтүстік бағытта қозғалған. Автобустардың бірінің жүргізушісі адамды өткізіп жіберу үшін жаяулар өткеліне аялдайды. Сол кезде онымен жарысып келе жатқан №2 автобус тежегішті баспай, жаяу адамды қағып кетті. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети