21 шілде 2016 13:00

Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстары Ремизовкада жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сафар Шәкеев Сафар Шәкеев

Осымен алтыншы күн іздестіріліп жатқан Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстары Ремизовка аумағында жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Осымен алтыншы күн іздестіріліп жатқан Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстары Ремизовка аумағында жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңғы сағат 10.00-ден бері еріктілер Сафарды іздестіруге кірісті. "Бүгін біз оны Ремизовка жақтан іздейміз. Себебі, біз Сафарды өзен бойымен жоғары қарай үйіне бара жатты деп ойлаймыз. Осы ауданның тұрғындарын видеотіркегішке немесе видеобақылауға 17 шілдеде таңғы сағат 7.30-дан түскі 12.00-ге дейінгі уақытта түсірілген видеоларын жолдауын сұраймыз. Сонымен қатар, осы аумақта сол уақытта өткен автокөлік иелерін видеотіркегіштеріндегі жазбаларды өшірмеуін сұраймыз. Біз Сафар туралы қандай да ақпарат білетін тұрғындарға, еріктілерге қосымша сыйақы береміз деп айттық", - деді іздестіру штабының мүшесі Виктория Момынбаева.

Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. Ертеректе Шәкеевті іздестіруге 50-ге жуық полицей жұмылдырылған мобильді топтардың жұмыс жасап жатқандығы хабарланған. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

Оны көргендер мен мәліметі барлардан мына телефондар арқылы хабарласу сұралады: 8 (747) 626-48-54, 8 (701) 787-88-87, 8 (775) 478-87-71.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети