Сегіз жастағы Айкөркем Алдамжардың өлімі: Қыздың көршісі қамауға алынды

19 Маусым 2017, 21:57
0
Сегіз жастағы Айкөркем Алдамжардың өлімі: Қыздың көршісі қамауға алынды - Өлі табылған Айкөркем Алдамжар
Өлі табылған Айкөркем Алдамжар

Атырауда сегіз жастағы Айкөркем Алдамжардың өлімі дерегі бойынша оның көршісі қамауға алынды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

"Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Атырау облысының тұрғыны ұсталды, оған қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп хабарлады басылым тілшілеріне ІІД өкілдері. 

Қыздың туыстарының айтуынша, Айкөркемнің өліміне қатысы бар делінген ер адам көрші тұрады. Ол 28 жаста, екі баласы бар - қыз бен ұл. Алайда көршісінің қыздың өліміне қалайша қатысы бар екені айтылмайды. 

Айкөркемнің шешесі мен әжесі ағыл-тегіл жылап, баланың енді оралмайтынына сене алмай отыр. Бұл отбасында тағы үш бала бар екен. Күдікті қара жамылған үймен бір үйді бөлісіп тұрып келген.


Күдікті қара жамылған үймен бір үйді бөлісіп тұрып келген екен. © mgorod.kz 

Мұның алдында Айкөркем Алдамжардың өзеннен табылғаны хабарланған болатын. 

Еске салайық, 7 жастағы қыз бала 14 маусымда таңғы уақытта "Бесікті" мектеп-интернатына барған. Ал кешкі 17.15-те ол лагерьден үйіне оралуы керек болған, алайда содан бері оны ешкім көрмеген. Сол күні сағат 22.20-да әйел полицияға хабар берген. Өңірлік құтқару қызметі қыз баланы өзеннен іздестірді. Іздестіру жұмыстарына полицейлермен қатар жергілікті тұрғындар, мұғалімдер және көршілері кіріскен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай