04 қазан 2023 17:01

Семей көпіріндегі күтпеген жайт көлік қозғалысын тоқтатты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Семей көпіріндегі күтпеген жайт көлік қозғалысын тоқтатты. Жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семей көпіріндегі күтпеген жайт көлік қозғалысын тоқтатты. Жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 қазанда жол апаты салдарынан аспалы көпірде көлік қозғалысы тоқтады. Әлеуметтік желілерде Семейдің сол жағалауындағы ұзын-сонар кептелістің видеосы тарап кетті.

Видеода кептеліске байланысты адамдар жұмысқа жаяу кетуге мәжбүр болғаны көрінеді. Абай облысының Полиция департаменті апатқа қатысты пікір білдіріп, апатқа кім кінәлі екенін айтты.

"Оқиғаға абайсыздық себеп болған. Тұрлыханов көшесімен келе жатқан JAC K7 тракторының 33 жастағы жүргізушісі жолақты ауыстырған кезде маневрдің қауіпсіздігіне көзжеткізбей, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан", - деп хабарлады Абай облысы ПД.

Полицейлер жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ деп түсіндірді. Трактор жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл заңбұзушылық үшін 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе алты айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети