30 қазан 2022 09:27

Сеулдегі Хэллоуин мерекесі: жүрегі тоқтап, қаза тапқандар саны артты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

news.sky.com news.sky.com

Итэвонда (Сеул, Оңтүстік Корея) Хэллоуинді тойлау кезінде жаппай қысымнан зардап шеккендер саны 120 адамға жетті. Сонымен қатар, 100 адам ауыр жағдайда, - деп хабарлайды Sky News.


Итэвонда (Сеул, Оңтүстік Корея) Хэллоуинді тойлау кезінде жаппай қысымнан зардап шеккендер саны 120 адамға жетті. Сонымен қатар, 100 адам ауыр жағдайда, - деп хабарлайды Sky News.

Агенттік өртсөндіру бөлімдерінің ақпаратына сүйеніп, шамамен 120 адам қайтыс болғанын хабарлады. Оларды Итэвон ауданындағы Гамильтон қонақүйі маңындағы Хэллоуин мерекесі кезінде тар көшеде алға жылжып бара жатқан үлкен тобыр басып қалған.

Көпшіліктің бұл әрекетіне не себеп болғаны белгісіз. Дегенмен кейбір жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, адамдар сол жерде қандай да бір атақты адам барын естіген.

Twitter-де агенттік өкілдері жүзге жуық адамның жағдайы ауыр екенін жазған.

Әлеуметтік желілердегі кадрлардан көптеген зардап шеккен адамның жолда жатқанын көруге болады, ал төтенше жағдайлар қызметкерлері мен куәгерлер оларға көмектесу үшін жүрек-өкпе жаттығуын жасаған.

Сеул Йонгсан өртсөндіру бөлімінің бастығы Чой Сон Бом бірнеше жараланған адам ауруханада ауыр жағдайда болғандықтан, қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін екенін айтқан.

Ол қаза тапқандардың көпшілігі ауруханаларға жіберілгенін, ал қалғандары анықтау үшін жақын маңдағы спортзалға жеткізілгенін мәлімдеген.

Сеулде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін көшелерге 800-ден аса жедел жәрдем қызметкерлері жіберілген.

Айта кетейік, Сеулде Хэллоуинді тойлау барысында 50 адамның жүрегі тоқтап қалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети