20 наурыз 2022 15:44

ШҚО-да жүргізуші үш баланы қағып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов. Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов.

Шығыс Қазақстан облысында жүргізуші кәмелетке толмаған үш баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД мәліметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында жүргізуші кәмелетке толмаған үш баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД мәліметіне сілтеме жасап.

19 наурызда сағат 14:20 шамасында Шемонаихадағы Вокзальная көшесінде Nissan Skyline көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған үш баланы (2007, 2013, 2018 жылы туған) қағып кеткен. Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақатымен Шемонаиха аудандық ауруханасына жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша соталды тергеу басталған.

Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети