11 сәуір 2021 15:15

ШҚО-да сотталушының "әйелі" ретінде кірмек болған екі әйел бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі әйел адам сотталған "күйеуімен" кездеспек болған. Олар түрмеге неке туралы жалған құжатпен кірмек болған. Енді олар бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап. 

ШҚО-да қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері некеге тұру туралы жалған куәлікпен ұзақ мерзімге (екі тәулік) кездеспек болған екі әйел адамды ұстады. Олар басқа қаладан келген.

"Құжаттарды тексеру кезінде қызметкерлерде неке туралы куәліктердің түпнұсқалығына күмән туды. Екі куәлік жұмыс істемейтін мереке күндері берілді. Бұл куәліктерді берген адамның қолы бірдей болды, ал әділет басқармалары әртүрлі ауданға тиесілі. Куәлік бланкілері ескірген. Колонияда жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жеке ісінде ер адамдардың олардың жұбайы екенін растайтын құжаттар болған жоқ", - деді облыстық департамент бастығы әділет полковнигі Жанболат Қалетаев.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Дерек расталған жағдайда екі әйел адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети