24 сәуір 2020 17:58

ШҚО-дағы орман өрті: аумақ толықтай оқшауланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысындағы "Семей орманы" резерватының аумағында өрттің таралуы тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді. 


Шығыс Қазақстан облысындағы "Семей орманы" резерватының аумағында өрттің таралуы тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, ведомство авиациясы Ми-26Т тікұшағымен өртті сөндіріп жатыр. Осы уақытқа дейін 12 рет су құйылған. Жалпы көлемі 100 тоннадан асады. Сондай-ақ, облыс әкімдігіне тиесілі Ми-8 тікұшағымен көлемі 30 тоннадан астам су 13 рет төгілген.

"Қазіргі уақытта барлық бағытта өрттің тарауы тоқтады. Орман массивінің кей бөлігінде ғана қазір от жанып жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге облыстық ТЖД, "Семей орманы", "Ертіс орманы" және Ұлттық гвардияның 400-ден астам қызметкері мен 100-ден астам техника жұмылды", - деді Нұрахметов.

ШҚО-да орман өртінің аумағы 6 есе ұлғайды

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт аумағы 2000 гектар.

Еске салайық, бүгін таңертең дүние жүзіндегі ең үлкен тікұшақ ШҚО-дағы өртті сөндіруге кіріскен.

23 сәуір күні сағат 15:00-де Байдәулет орман шаруашылығы "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының Долон филиалында төмен деңгейдегі орман өрті жоғары деңгейге көшті

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети