29 сәуір 2015 18:32

Шығыс Қазақстанда мас зейнеткер полицейдің бетінен ұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sobitie.com.ua © sobitie.com.ua

Шығыс Қазақстанда мас зейнеткер полицейдің бетінен ұрды, - деп хабарлайды YK-news.kz Зырян аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстанда мас зейнеткер полицейдің бетінен ұрды, - деп хабарлайды YK-news.kz Зырян аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, Зырянның 66 жастағы тұрғыны "Қазпошта" АҚ жергілікті бөлімінде мас күйінде отырып, келушілердің мазасын алған, сотқарлық жасап, адамдармен ұрсысқан. Осыған байланысты поштадағылардың біреуі полиция шақыртып, зейнеткер аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратына жеткізілді.

"Камераға отырғызылса да зейнеткер тынышталмай, темір тордың арғы жағынан қолын шығарып шұғыл кезекшінің көмекшісінің бетінен ұрды. Нәтижесінде, билік өкіліне күш көрсеткені үшін оның бас бостандығына бір жылға шектеу қойылды", - делінген жарияланымда.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға биыл ақпан айында Қостанайда болды. Ол кезде мас адам "Рубеж" полицей бекетінде полицеймен төбелесіп, сотталды. Қостанай облысының Қарабалық аудандық соты 30 жастағы Кузьмичевке қатысты шешім шығарды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бойынша айыпты деп танылды. Оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, ол сол бір жылдың ішінде пробациялық бақылауда болады.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети