03 тамыз 2018 11:50

Шымкент пен Атырауда полицейлер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, Шымкентте Арнайы прокуратура мен ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері біреудің мүлкін жымқыру бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында қалалық ІІД қызметкерін ұстады.

Сондай-ақ, Атырауда жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері, ҰҚКД және ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірігіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары аясында балық өнімдерін шығарумен заңсыз айналысқандарға қолдау көрсетті деген күдікпен облыстық ІІД қызметкерін ұстады.

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети