Шымкентте автокөлік аяқ киім дүкеніне кіріп кетті

06 Қазан 2015, 09:32
0
Шымкентте автокөлік аяқ киім дүкеніне кіріп кетті - © Әлеуметтік желілер
© Әлеуметтік желілер

Шымкентте автокөлік дүкенге кіріп кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Nexia автомобилі "Канны" аяқ киімдер дүкенінің жертөле қабатына кіріп кеткен. Оқиға Байтұрсынов көшесінде болды. Жүргізуші тротуар арқылы өтіп барып, әйнек витринаға соғылған. Тауардың жартысына жуығы бүлінді. Оқиға кещінде дүкенде сатып алушылар мен қызметкерлер болыпты. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. 

Еске салайық, таяуда Алматы қаласында осыған ұқсас оқиға болған еді. BMW маркалы автомобиль жол бойындағы дүкенге соғылған болатын. Жол апатының салдарынан дүкен ішінде болған екі адам зардап шекті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай