19 сәуір 2020 11:29

Шымкенттегі блокбекетте полицейді көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жол талғамайтын көлік жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Шымкентте жол талғамайтын көлік жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 18 сәуірде Бәйдібек би және Төлеметев көшелерінің қиылысында болған. 33 жастағы Lexus LX 570 маркалы автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті.

Полицей орташа ауырлықта жарақат алды. Жүргізуші оқиға болған жерде ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 380-бабы 3-бөлігінің 9-тармағы ("төтенше жағдай жарияланған жердегі билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұл жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети