18 маусым 2017 09:21

СҚО-да жасөспірім мен оны құтқаруға келген ересектер найзағай ұрып қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында 12 жастағы жасөспірім найзағай ұрып қаза тапқан, оны құтқаруға келгендер де найзағайдан опат болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысында 12 жастағы жасөспірім найзағай ұрып қаза тапқан, оны құтқаруға келгендер де найзағайдан опат болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, қайғылы оқиға 16 маусымда кешкі уақытта Уәлихан ауданындағы Бадайық ауылында болған. 

"Оқиға ауылдан 200-300 метр алшақ жерде болған. 34 жастағы ер адам өз малын күтіп тұрған, одан 50 метр қашықтықта 2005 жылғы бала да өз малын күтіп тұрған. Осы кезде баланы найзағай ұрып, ер адам бұл оқиғаны ауылдық округтің әкіміне хабарлаған. Ол өз кезегінде оқиға орнына учаскелік инспектор мен жедел жәрдем қызметкерлерін алып келген. Осы кезде тағы да найзағай ұрып, екі адам опат болған", - деп хабарлады ТЖД өкілдері. 

Қаза тапқандар - әкімге оқыс оқиға жайлы хабар берген 34 жастағы ер адам, 1978 жылғы жедел жәрдем жүргізушісі. Департамент өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта үш адамның мәйіті сот-медициналық сараптамада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети