1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Су жаңа Rolls-Royce көлігін соққан жігіт наркологиялық орталыққа жеткізілді28 ақпан 2018, 17:22

© Серікан Мәулетбай © Серікан Мәулетбай

Алматыда ер адам су жаңа Rolls-Royce көлігімен автоорталықты қиратқаннан кейін, автоорталығында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнында болып қайтты. 

Полиция көлігі тұрғанына қарағанда онда құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатқан секілді. Жинап тазалаушы қызметкерлер оқиға орнын шыныдан тазартып жатыр. Бүлінген көлікті автосалонның арғы жағына апарып, қара матамен жауып қойған. 

Дереккөз мәліметінше, құқық қорғау органдары қызметкерлері ер адамды қалалық наркологиялық орталыққа куәландыру үшін алып кеткен. 

Бүгін түске дейінгі уақытта, автосалон келушісі Rolls Royce Ghost көлігін қарап отырып, газды басып жіберіп, сөреге соғылған. Оқиға Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы автоорталықтардың бірінде болған.  


фото: ©Серикжан Маулетбай

"Ер адам салонда Rolls Roys көлігін қарап жатып, газ педалін басып жіберген, сөйтіп, көлікпен сөрені соққан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді Astana Motors компаниясының өкілдері.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!