Таразда аялдамада тұрған жігітке найзағай түсті

24 Маусым 2015, 12:01
0
Таразда аялдамада тұрған жігітке найзағай түсті - © tanya-morozova.livejournal.com
© tanya-morozova.livejournal.com

Таразда аялдамада тұрған жігітке найзағай түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше, 23 маусым күні сағат 16.25 шамасында болған. Тараздағы Рысқұлов көшесіндегі "Сауда орталығы" автобус аялдамасының маңында 1987 жылы туылған азамат найзағайдан жарақат алды.

"Жарақат алған азамат Тараз қаласының №1 орталық ауруханасының терапия бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы орташа", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 23-25 маусым аралығында найзағай ойнайтынын ескерткен болатын. "Республиканың барлығына дерлік аумағында аптап ыстықтың болуына қарамастан, алдағы үш тәулікте батыс, оңтүстік және шығыста найзағайлы жаңбыр жауады ал ауа температурасында ешқандай өзгеріс болмайды", - деді метеорологтар.

 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай