Теміртаудағы терминал маңында 300-ге жуық көлік жиналды. Мұнда Қарағанды-Астана автожолының кейбір учаскелері жабылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарағанды-Астана автожолы жабылған. Теміртаудағы терминалда шамамен 300 көлік жиналған. Қарағанды облыстық Полиция департаменті жүргізушілерге ауа райы жақсарғанша және жол ашылғанша ұзақ сапардан бас тартуды ұсынады.
"Барлық жол қозғалысы қатысушыларына сақтық шараларын сақтауды, автожолдардың жағдайы туралы жаңартылған ақпаратты бақылауды және төтенше қызметтердің ұсыныстарын ескеруді сұраймыз", – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
"ҚазАвтоЖол" ЖШС жедел мәліметі бойынша, 21 қаңтарда сағат 08:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түріне шектеу енгізілді:
- Қарағанды облысы: Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау, 51-266 шақырымдары, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау учаскесі.
- Ақмола облысы: Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау, 35-51 шақырымдары, Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысының шекарасы учаскесі.
Жолды шамамен ашу уақыты – 21 қаңтар, сағат 20:00.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!