Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Түркістан облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты 23 сәуір 2023, 15:08

Түркістан облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

ПД

Түркістан облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Отырар ауданы Төрткөл-Шәуілдер-Түркістан-Кентау тасжолында Nexia маркалы көлігі мен жүк автокөлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Сонымен қатар, осы көліктің бір жолаушысы түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша тіркелген.

Сараптама тағайындалды, барлық жайт анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті