29 наурыз 2021 14:43

Түркістанда екі бала үйінен 15 шақырым қашыққа кетіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Түркістанда үйінен 15 шақырым қашыққа кетіп қалған екі кішкентай бала табылды. Ата-анасы олардың жоғалғаны туралы өтініш қалдырмағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістанда үйінен 15 шақырым қашыққа кетіп қалған екі кішкентай бала табылды. Ата-анасы олардың жоғалғаны туралы өтініш қалдырмағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан ПБ қызметкері Марат Омаров жылап жүрген қыз бен ұлды бірінші болып байқаған. Шамамен үш және жеті жастағы балалар.

"Полиция қызметкері мән-жайды анықтау үшін олардан қайда тұратынын, қайдан келе жатқандарын сұраған. Алайда екеуі де сұрақтарға анық жауап бере аламаған. Кейін тәртіп сақшысы балаларды қалалық полиция басқармасына апарған. Онда оларды тамақтандырып, психолог маманмен кездестірген.

Сонымен қатар, полицейлер олардың ата-анасын іздеу мақсатында жақын маңдағы барлық полиция пунктіне балалардың суреті мен белгілері жазылған ақпарат таратқан. Бірнеше сағаттан кейін тәртіп сақшылары балалардың ата-анасын анықтады. Олар полиция көмегіне жүгінбей, өз күштерімен іздеу шараларын жүргізген", - делінген Polisia.kz сайтындағы хабарламада.

Балалар аулада ойнап жүріп, үйден 15 шақырым жерге кетіп қалғаны анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети